2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауда мәлімдеді. Президент білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы деп атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің еңбекақысы алдағы уақытта да көбейеді деп айтты. Ол үшін алдағы үш жылда 1 трлн 200 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған.
Фариза Мұсақызы