Шымкентте баласы анасын көлікпен басып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте баласы анасын көлікпен басып кетті

17.06.2014
Шымкентте баласы  анасын көлікпен басып кетті
Шымкентте баласы  анасын көлікпен қағып, бақилық етті. Оқиға кеше кешкісін 8-дер  шамасында болған.
 
Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жас жігіт көлігімен қозғалмақ болып, алға қарай жылжиды. Сол кезде жерде отырған анасын байқамай, басып кетеді.
 
Оқиға салдарынан 56 жастағы әйел сол жерде жантәсілім еткен. Қайғылы жағдайдан кейін үй иелері құтқарушыларды шақырған.
 
Себебі, көліктің астында жаншылып қалған анасының денесін алып шығу қиынға соғыпты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар «Opel Vectra» автокөлігін кесіп, астынан мәйітті алып шыққан.
 
Нұрлан Темірбаев, ОҚО ТЖД бас маманы:
Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары барып, арнайы құтқару құрал-саймандарымен мәйітті көліктің астынан шығарып алды. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасының тергеушілері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу