Жолдау жүктеген міндет қалай іске асты? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау жүктеген міндет қалай іске асты?

31.08.2020

Өткен жылы прокурорлар азаматтарды заңсыз ұстауға қатысты 600-ден аса істі анықтады. Ал Ішкі істер органында сыбайластыққа барды деген күдікпен биыл 90 қызметкер лауазымынан босаған. Бұл құқық қорғау жүйесін күрделі реформалау аясында іске асырылды. Осыған қатысты Президент былтырғы Жолдауында нақты тапсырма берген еді. Жолдауда жүктелген міндет бір жылда қалай іске асты?  

Құқық қорғау жүйесін реформалау – заңсыздық пен жемқорлықты тоқтатып, ашықтықты қалыптастырудан басталады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл жемқорлық жасау бойынша күдікке ілінген 25 адам жұмыстан кетті. 90 қызметкер лауазымынан айырылған. Бұл заңсыздықпен күрес. Ал ашықтықты қалыптастыру үшін:

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі:

- Жолдағы қабылдау акцияларына түрлі мәселе бойынша 200 мыңнан аса сұрақ түсті. Төрттен бірі полицияның жұмысына қатысты ұсыныс шағымын жеткізген. Бұл «тыңдайтын үкімет» құрудағы алғашқы этаптар. 

Бұдан бөлек, Президент мемлекеттік қызметшілер санын қысқартып, үнемделген қаржыны пайдалы мамандарға жұмсауды тапсырған. Әлихан Байменовтың айтуынша, карантиндегі онлайн жұмыс кімдерге сұраныс барын көрсетті. Ол ауылдық-аудандық деңгейден гөрі орталықта кадрды көбірек қысқарту қажет деп есептейді. 

Әлихан Байменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы:

- Үнемдейтін дүние көп бізде. Мысалы, қызмет бабындағы пәтерлер. Оларды қысқартса, көп үнем болар еді.

Маманның пікірінше, мемлекеттік қызметтегі қысқарту шығынды қысқартумен қатар жемқорлықты да жояды. 

Әлихан Байменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы:

- Мысалы қызмет бабындағы пәтерлер – мемлекетке үлкен шығын. Екінші жағынан ол - жемқорлықтың жолы.

Былтыр бірқатар саладағы тиімсіз шығынды азайтуды жүктеген. Экономистер бұның бір жылда бюджеттік шығынды дез кезінде басқарып, оңтайландыруға тиімді тетік болғанын айтады.  

Ғалымжан Керімбек, экономист: 

- 1 жылға жақын уақыт өтті. Жолдаудың негізінде бюджеттік шығындар, қаржылар оңтайландырылды. Біраз тиімсіз жобалар жұмысын тоқтатып, халықтың әлеуметтік жағдайына пайда әкелетін жобалар қалдырылды. 

Ақерке Бектас 

Хабарламаларға жазылу