Көкшетауда жанармай бекеті тоналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жанармай бекеті тоналды

17.06.2014
Көкшетауда  жанармай бекеті тоналды
Көкшетауда түнгі сағат 4-тер шамасында қала  шетінде орналасқан жанар-жағармай бекеті тоналды.
 
Бекет ішінде болған касса қызметкерінің айтуынша, бетіне маска киген үш жігіт ойламған жерден пластикалық есікті бұзып, баса-көктеп кіріп келген.
 
Сөйтіп, күзетшіге оқ атып, кассадағы ақшаны талап еткен. Абырой болғанда, оқ күзетшінің тек шалбарына тиген. Бұзақылар  кассадан 1 миллион теңгені алып кеткен.
 
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 179-бабы бойынша іс қозғалды. Тонауға қатысы бар күдіктілерді анықтауға байланысты жұмыстар жүргізілуде.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу