Алматыда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін демалыс күндері екі арнайы ХҚКО жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін демалыс күндері екі арнайы ХҚКО жұмыс істейді

28.08.2020

Алматыда Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу үшін мереке күндері екі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Орталықтар «Саялы» ықшамауданы, Ақ-Қайнар көшесі №1 үй және Майлин көшесі, №85 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Жалпы, Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізілген 14 мың көліктің 1395-і, яғни 95 пайызы тіркеліп үлгерген. Қалғандары 1 қыркүйекке дейін тіркелуі тиіс.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу