Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығының дəстүрлі емес салалары дамып келеді. Мəселен, Мəртөк ауданында 3 жылдан бері құлпынай мен жүгері өсіруге басымдық берілуде. Жас кəсіпкер Рахат Көпжан 2 гектар аумаққа құлпынайдың голландиялық тұқымын өсіріп жатыр. Бір бөлігін жинап, сауда орындарына өткізіп те үлгерген.Шаруашылықта жаңа технология қолданылады. Ал, жүгері Ақтөбеден бөлек, Қостанай,Маңғыстау жəне Атырау облыстарына жіберіледі.
Жақсыбек Кемал