Зиянды қалдықтың ауаға таралуына байланысты «Қазақмыс» компаниясы тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиянды қалдықтың ауаға таралуына байланысты «Қазақмыс» компаниясы тексеріледі

26.08.2020

Экология министрлігі зиянды қалдықтың ауаға таралуына байланысты «Қазақмысты» тексеретін болды. Әлеуметтік желілерде еліміздегі ең ірі мыс өндіруші компанияның зауытынан түсірілген бейнежазба тараған. Автор газ құрамындағы қауіпті заттарды ұстайтын сүзгілер дұрыс жұмыс істемейтінін айтқан.

Экология министрлігі бұл наразылыққа қатысты пікір білдірді. Айтуларынша, бұған дейін де Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті «Kazakhmys Smelting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты тексеру жүргізген. Нəтижесінде олардың бірқатар ережені бұзғаны анықталған. Ал бейнежазбада көрсетілген жаңа дерек бойынша тағы да тексеріс басталады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу