Алматы облысында жалғызбасты ана баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жалғызбасты ана баспаналы болды

25.08.2020

Гүлсанат Сәбитова 10 жылдай еден жуушы болып жұмыс істейді. 6 жастағы қызы екеуі бірнеше жыл көлікжайды паналап келген. Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінің қызметкерлері қайырымдылық қоры арқылы пәтерге қол жеткізуге жәрдемдескен. Қор қызметкерлері мұқтаж жандар әрдайым біздің назарымызда дейді.

Анаил Быков, қайырымдылық қорының атқарушы директоры:

- Біз мамыр айында осы ауылға азық-түлік алып келгенбіз. Сол кезде әкімдік өкілдерінен тізімде жоқ тағы да тұрғындар бар ма деп сұраған едік. Бізді Гүлсанатқа алып келді. Көлікжайда тұрып жатқанын көріп көмектесуге бел будық. Бүгін міне ойымыз жүзеге асты.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу