Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданына қарасты Жақсыбұлақ станциясында қатты желдің кесірінен жүк вагондары өздігінен қозғалып, жүк пойызымен соқтығысты. Оқиға бүгін сағат 8:15-те болған.
«Апат салдарынан локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шықты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға болған жерге Балқаш, Ақтоғай станцияларынан қалпына келтіру және өрт сөндіруші пойыздар жөнелтілді. Оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін арнайы комиссия жолға шықты», - делінген хабарламада.