Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды індеттен сақтануға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды індеттен сақтануға шақырды

24.08.2020

Індеттің өршуіне жол бермеу үшін сақтық шараларын ұстану маңызды. “Карантин талаптарын сақтау - əр азаматтың парызы болуы тиіс”, - дейді қоғам белсенділері. 

Əмин Тұяқов, спорт ардагері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

-Аурудың сұрап келмейтінін барлығымыз білеміз. «Сақтықта қорлық жоқ», - дейді қазақ. Сақ болсақ, аман боламыз. Бұл ауру жасқа қарамайды. Азғантай ғана халықпыз. Санымыз азаймасын. Еліміз тыныш болсын. 

Темірхан Медетбек, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері:

-Індетпен күресудің бір-ақ жолы бар: оған қару-жарақтың қажеті жоқ, санитарлық нормаларды сақтауың керек. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу