Жағажай тазалығы тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жағажай тазалығы тексерілді

24.08.2020

«Бірге – Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы облысының жағажайларында тазалық айлығы өтуде. Мамандар Қапшағай су қоймасының жағасында демалып жатқандар арасында түсініктеме жүргізіп, арнайы ақпараттық парақшалар жəне қоқыс жинайтын полиэтилен пакеттер таратты. Сондай-ақ жағажай тазалығына мəн бермеген демалыс орын басшыларына ескертулер жасалып, хаттама толтырылды.

Ерлан Құтжақов, облыстық Полиция департаменті табиғатты қорғау тобының аға инспекторы:

- Браконьерлікке қарсы бес қылмыстық іс қозғалды. 68 əкімшілік құқықбұзушылықпен адамдар жауапкершілікке тартылды.

БҚО-ның су айдындары маңында да экологиялық акция өтті. Оған 5 мыңнан аса адам қатысып, 170-ке жуық арнайы көлік жəне қосымша табиғат пайдаланушылардың, шаруа қожалықтардың техникасы жұмылдырылды. Таңғы жетіден түске дейін созылған шара кезінде, яғни, жарты күннің ішінде ғана 263 тонна қоқыс жиналып шығарылды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу