Педагог құқын бұзған басшы да, ата-ана да жазасыз қалмайды. Ал ұстаздар қаптап кеткен жалған дамыту орталықтарының қармағына ілініп қалмауы керек. Тамыз конференциясында білім мен ғылым саласындағы қордаланған проблемалар талқыланып, бірқатары шешімін тапты.
Елімізде 237 мектептің сиқы кетіп тұр. Үш ауысыммен оқып жатқан білім ошақтары әлі бар. Әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан және Жамбыл облыстарында. Вице-Премьер мәселені шешу үшін 800 білім ордасы салынатынын айтты.
Нысаналы Ығыл