Түркия өз тарихында тұңғыш рет ірі көлемде табиғи газ қорын тапты. Осыдан бірнеше ай бұрын зерттеу-бұрғылау жұмыстарына кіріскен «Фатих» кемесі Қара теңіз табанынан 320 млрд текше метр газ қорын анықтады. Ел Президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, табылған газ халыққа 2023 жылы пайдалануға беріле бастайды.
Айдос Әшімұлы