2021 жылдан бастап оқушылар әліппемен қайта қауышады. Ал биыл қоршаған ортаны қорғау бойынша қосымша сабақтар енгізіледі. Алайда балалар алаңсыз білім алуы үшін әкімдер алдымен апатты мектептерді жоюға асығуы керек. Әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан және Жамбыл облыстары басшыларынан жүйелі шаралар қабылдауы тиіс. Республикалық тамыз кеңесінде тағы қандай мәселе көтерілді? Әріптесім тарқатады.