БҚО-да картоп жинау науқанының қызған шағы. Аталған дақылды өсірумен өңірде 150-дей шаруашылық айналысады. Қазір 4 мың гектардың 600-ы жиналып, орташа өнімділік 135 центнерді құрады. Бұл - жылдағыдан төмен көрсеткіш. Соған қарамастан жергілікті шаруалар Батыс Қазақстанмен қатар көршілес үш облысқа да картоп жеткізуді жоспарлап отыр.
Рауан Диәли