Елде «Бармақ басты, көз қысты» әрекеттер әлі де тыйылмай тұр. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөнінде кеңес өткізген Президент осылай деді. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластыққа бірнеше дерек пен дəйек келтірген Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы жұмысты түбегейлі қайта құру керек деді. Бес нақты бағытты айқындап, жауапты агенттік пен Үкіметке бірқатар міндет жүктеді.
Армангүл Тоқтамұрат