Павлодарлық шахматшы Денис Махнев халықаралық турнирде америкалық қарсыласын жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық шахматшы Денис Махнев халықаралық турнирде америкалық қарсыласын жеңді

19.08.2020

20 жастағы павлодарлық шахматшы Денис Махнев халықаралық турнирде америкалық қарсыласын жеңді. Қазақстандық шахматшылар командасы виртуалды алаңда АҚШ, Польша, Румыния, Грекия, Аргентина жəне Бразилия елдерінің спортшыларымен ойнады. Денис Махневтің бұл жеңісі Қазақстан құрамасының халықаралық турнирде Румыниядан кейін 2-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.

Денистің алғашқы жаттықтырушысы Шəріп Қашкенов зерек баланың əлі талай мықтыларды тізе бүктіретініне сенімді.

Әйгерім Бозанбаева

Хабарламаларға жазылу