Кәмелетке толмаған қыздарды азғындыққа итермелеген Ұлыбритания азаматының ісі сотта қаралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәмелетке толмаған қыздарды азғындыққа итермелеген Ұлыбритания азаматының ісі сотта қаралуда

11.06.2014
Кәмелетке толмаған қыздарды азғындыққа итермелеген  Ұлыбритания азаматының ісі сотта қаралуда
Оралда кәмелетке толмаған қыздарды азғындыққа итермелеген Питер Барухтың ісі сотта қарала бастады.
 
Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша Питер Барух 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 
Жәбірленуші тараптан кәмелетке толмаған қыздардың қатысуына байланысты сот отырысы жабық жағдайда өтуде.
 
Ақпан айында ұсталған британдық азамат әлеуметтік желілер арқылы жасөспірім қыздармен танысып, алдап-арбау арқылы оларды жалаңаштап суретке түсірген.
 
Бұл үшін жас қыздарға 15-тен 70 мың теңгеге дейін ақша ұсынған.
 
Өзін «белгілі фотосуретшімін», деп таныстырған азғынның қолынан шыққан фотосуреттердің 2 мыңнан асатындығы анық.
 
Тағы бір белгілісі 7 атыраулық және 3 оралдық қыз «сән әлемінің жұлдызы боламыз»,  деп, опық жеген
Ал, Барух сотта кінәлі еместігін айтып жалтаруда.
 
Алмагүл Ысмағұлова, Орал қаласы прокурорының көмекшісі:
Айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Барух Питер жалаңаш қыздарды суретке өзі үшін түсіргендігін айтып, ақталуда. Айтуынша, ол мұндай іспен әуесқойлық мақсатта айналысқан көрінеді.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу