Жамбыл облысында даладағы мектеп әжетханаларына қатысты мәселе әлі шешілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында даладағы мектеп әжетханаларына қатысты мәселе әлі шешілмеген

18.08.2020

Жамбыл облысындағы білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы нашар. Жаңа маусымға əзірлік пысықталған жиында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев атқарылып жатқан жұмысты сынға алды. Əсіресе, əжетханаларды ғимарат ішіне салу тапсырмасы шалағай орындалған. Бұл үшін арнайы 1,1 млрд теңге бөлінгенімен, жұмыстың жартысы ғана атқарылған. Байзақ, Қордай, Меркі, Шу аудандарында бұл шаруа мүлдем қалыс қалған.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу