5,5 млрд теңгенің жобасынан шикілік шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5,5 млрд теңгенің жобасынан шикілік шықты

18.08.2020

Атырауда өзен түбін тереңдету жұмыстары уақытында аяқталмайтын болды. Құны 5,5 млрд теңге тұратын жоба дұрыс жоспарланбаған. Соның кесірінен қазына қаржысы дер кезінде игерілмей, биыл бітетін жоба келер жылға қалды.

Қиғаш пен Шора өзенінің табаны 40 жылдан бері тазартылмаған. Суы тартылған соң 2 жыл бұрын кешенді жұмыс басталған. Алайда ауқымды жобаның игілігінен шикілігі басым болып тұр. Өзен түбі толық зерттелмеген.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу