Пандемия кезінде университеттердің оқу ақысы арзандамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия кезінде университеттердің оқу ақысы арзандамайды

18.08.2020

Білім алудың ақысы аспандап барады. Осылай деген түлектер биыл бағаны қымбаттатпауды сұрап отыр. Мемлекеттік грант бұйырмаған жастар жоғарғы оқу орындарынан жеңілдік күтеді. Ал індетке байланысты университеттердің ақысы арзандай ма? Биыл баға қалай өзгереді?

Елде 131 жоғары оқу орны бар. 630 мыңнан аса студент оқиды. Білім құны ең қымбат университеттер көшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық жəне Еуразия ұлттық университеттері бастап тұр. Баға 950 мыңнан 1 млн 600 мың теңгеге дейін. Өңірлердегі орташа баға - 400 мың теңге. Биыл ЖОО-ларда баға қымбаттамаса да, арзандамайды.

Жалпы, қазір оқу ақысын жауапты министрлік реттемейді. Баға студент пен ЖОО арасында жасалатын келісімшартпен бекиді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу