Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінде кіреберістегі бетон маңдайшасы опырылып, тұрғын зардап шекті. Аяғы сынған әйел ауруханаға жеткізілген.
Бұл - 8-ші шағын ауданда соңғы бір айда болған екінші оқиға. Бұған дейін 5-ші үйдің күнқағары құлап, тұрғындардың өміріне қауіп төнді.
Жалпы, шаһардағы көп қабатты тұрғын үйлердің жартысынан көбі тозған. Осы апатты жағдайдан кейін оларды арнайы комиссия тексеретін болды.
Аягөз Оралбайқызы