Мемлекет басшысы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады

17.08.2020

Қазақстан Президентіне министрлік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, оның қызметін одан әрі дамыту туралы ақпарат берілді. 

Кездесуде ақпараттық саясат жəне азаматтық қоғам мəселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Аида Балаева отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бəсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың əлеуметтік бастамаларын қолдау жəне «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайында баяндады.

Хабарламаларға жазылу