Елбасы праймериздің басталуына байланысты үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы праймериздің басталуына байланысты үндеу жасады

17.08.2020

Бүгін «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздің басталуына байланысты үндеу жариялады.

Онда пандемия салдарынан Қазақстан жаһандық дағдарыстың қиын кезеңін өткеріп жатқаны айтылған. «Коронавирус мемлекеттік басқарудың кейбір саласында олқы тұстар бар екенін көрсетті. Жедел əрекет жетіспей, мəселенің шешілуі бюрократиялық кедергілерге тірелді. Мемлекеттік органдар мен кей басшылар халықтың проблемаларын сезінбейді деген сын айтылып жүргенін жақсы білемін. Бұл депутаттардың да жұмысына қатысты. Депутаттар халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге тиіс»,-деді Елбасы. 

Хабарламаларға жазылу