Бүгін елорда маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар 4,5 айлық үзілістен кейін қайта жүре бастады. Бұлар да қала ішіндегі қоғамдық көліктер сияқты жолға шықпас бұрын күнделікті залалсыздандыралады. Ал жолаушыларға бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ.
Жол ақысын карта немесе телефон арқылы ғана төлеу керек. Автобустар таңғы сағат 6:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жүреді. Ал алдағы демалыс күндері қалалық бас мемлекеттік санитарлық дəрігердің қаулысына сəйкес қоғамдық көліктер тоқтатылады.