Алайда оның жазадан оңай құтылып кетпек болған ойы іске аспай қалды. Жол апатының куәсі болған өзге жүргізушілер оны қуып жетіп, ұстап алды. Сөйтіп ішкі істер органы қызметкерлеріне тапсырды.
Ал қолға түскен «Daewoo Magnus» автокөлігінің иесі болса «адамды байқамай қалдым» деп ақталған. Жарақат алған 42 жастағы кентаулық полицей болса медициналық жедел жәрдемнің көмегіне жүгінді. Басынан соққы алған оның қазіргі таңда жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазір көлікті тізгіндеген 26 жастағы жігітке қатысты «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамаған» деген баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған.
Айнұр АҚБАЕВА