Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тариф іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдер мен оқушыларға арналған тариф іске қосылады

14.08.2020

Бұдан былай қашықтықтан білім беру процесі жеңілдей түспек. Өйткені, білім және ғылым министрлігі ұялы байланыс операторларымен бірлесе «Білім» атты жаңа тарифтік жоспар шығарды. Тарифті ұлттық байланыс операторлары ұсынып отыр. 20 тамызда іске қосылады. Оған қалай, қайтіп қосылу керегін компаниялардың сайттарынан көріп, білуге болады.

Гүлшат Исмагулова, №18 орта мектептің мұғалімі: 

«Білім» тарифі өте тиімді біз шектеусіз кіре аламыз.Бұл білім тарифтік жоспары мұғалімдерге ғана емес, оқушыларға, студенттерге және ата-аналарымызға арналған.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу