Маңғыстауда құмды құйын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда құмды құйын болды

14.08.2020

Ақтаудың аспаны құйыннан көрінбей қалды. Қаламқас кен орны маңында құйынмен араласқан құм көкке көтерілген. Батыстағы ерекше табиғи құбылысты тұрғындардың бірі таспаға түсіріп үлгеріпті. Синоптиктертің айтуынша, мұндай құмды құйын бұлтты, ыстық ауа райында топырақ ысыған уақытта тұрады. Желдің екпіні жерден құм мен шаңды айналдырып, көкке көтереді екен. Мамандар қара құйынды табиғатқа тән құбылыс, қалыпты жағдай деп отыр. Ал «Қазгидрометтің» болжауынша, алдағы демалыс күндері елде ауа райы құбылмалы. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерде жел күшеюі мүмкін.   

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу