Өткен тәулікте коронавирустан 1 877 адам жазылып шықты. Сөйтіп, жалпы ауруынан айыққандар саны 78 мыңнан асты. Жұқтыру көрсеткіші де біртіндеп азайып келеді. Бір күнде 476 адамнан ковид анықталса, коронавирустық белгілері бар пневмонияны 934 адам жұқтырған. Осылайша, қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 118 мыңнан асып кетті. Өкінішке қарай, вирус пен вирусты пневмониядан қайтыс болғандар 1554 адам.
Армангүл Тоқтамұрат