Елордада індеттің кезекті толқынына төтеп беретін үш жоспар бекітілді. А,В,С ұйғарымдары бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тарқатып айтып берді. Covid-19-дың соққысынан сақтану шаралары эпидахуалға қарай пысықталады. Алғашқы жоспарға сай 2 мыңдай төсек-орын әзірленді. Оған көпбейінді стационарларды жұмылдыру көзделіп отыр. Егер дерт дендесе тағы мыңнан астам емдеу орны мен қосымша 20 жедел жәрдем бригадасы іске кіріседі. Соңғы С жоспарында жатақханалар мен қонақ үйлерді емдеу мекемелеріне айналдыру қарастырылған.
Нысаналы Ығыл