«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне 100 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне 100 жыл

13.08.2020

Қазақпарат халықаралық агенттігіне бүгін 100 жыл. Алғаш Орынборда телеграф агенттігі болып құрылып, бүгінде ірі медиа холдингке айналған ақпараттық ұйымның қарамағында 9 сайт бар. Қазір агенттік қазақстандық жаңалық тарататын интернет-ресурстар арасында үздік ондықтың қатарында. Бір ғасырлық тарихы бар ұйым шетелдік жаңалықтан бастап, мемлекеттік саясат, экономика, әлеуеметтік саланың қай түйткілі болмасын назардан тыс қалдырмай, ақпарат майданының алдыңғы шебінен көрініп келеді. Қазақпарат орта азиядағы ең ірі ақпарат агенттігі. Тәулігіне 24 сағат үздіксіз жұмыс істейді. Қазақстанның өңірлерінен бөлек Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Таяу шығыс, Еуропа елдерінде меншікті тілшілері бар. Әлем бойынша ақпарат алмасатын 47 серіктесі бар.

Асқар Омаров, «Қазақпарат» ХАА Бас директоры:  

Біздің трафигіміз өте жоғары өсті. Себебі аудитория сенімді ақпарат іздейді. Ал, Қазақпарат қазіргі кезде сенімді ақпаратты беріп тұр. Себебі, әр журналитіміздің, әр қызметкеріміздің бөдлек жауапкершілігі бар. Аудитория алдында, оқырманның алдында.


Хабарламаларға жазылу