Павлодарда карантин режимін бұзған 400 ге тарта дерек анықталды. Әсіресе той тоқтар емес. Кеше қаланың қақ ортасындағы мейрамханалар бірінің қожайыны 25 адамды қонақ қылып, туған күнін жасаған. Айғай-шудан мезі болған тұрғындар полицияға шағымданған. Арнайы мониторинг тобы келіп, даңғазаны зорға тоқтатты. Сондай ақ, рейд кезінде қор-қор тартатын бірнеше орын анықталды. Олар келушілерді жеке төлқұжаты арқылы қабылдап, ішке құпия пароль арқылы кіргізіп отырған.
Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Осы уақыт аралығында карантиндік шектеулерге бағынбау бойынша 15 жағдай анықталды. Кальян тартуға рұқсат берген ғимарат қожайынына да, кальян тартқан тұрғындарға да әкімшілік хаттама толтырылады.
Болат Аманбаев