Қазақстан коронавирусқа қарсы тек халықаралық сертификаты бар екпе сатып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан коронавирусқа қарсы тек халықаралық сертификаты бар екпе сатып алады

12.08.2020

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан толық өтпейінше сатып алмайды. Жалпы елімізге екпені енгізу үшін ол 4 түрлі халықаралық сынақтан өтіп, сертификат алуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бахдат Қожахметов осылай деді. COVID-19-дың екпесі қазір үшінші этапта сыналып жатыр. Төртіншісі қай елде, қандай зертханада болатыны да әзірге белгісіз. Бастысы препораттың адам ағзасына зияны жоқ екені және ауруға қарсы пайдасы болатыны толық дәлелденуі тиіс. 

Оңғар Алпысбай 

Хабарламаларға жазылу