«Нұрлы жол» кеден бақылау қызметкерлері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» кеден бақылау қызметкерлері ұсталды

11.08.2020

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Қытаймен шекарадағы кеден бекетінде мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерін ұстады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді. Нақтырақ, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау органдарының қызметкерлері ұсталғанын хабарлады.

Роллан Яғмусов, ҚР Бас көлік прокуратурасының өкілі:

Олар мемлекеттік шекара арқылы тұлғаларды кедергісіз өткізіп, жүйелі түрде пара алғандары үшін күдіктелуде. Істі тергеп, тексеру бас көлік прокуратурасының бақылауында. Өзге ақпарат тергеуге қайшы келтірумеу мақсатында жария етілмейді.


Хабарламаларға жазылу