Үкімет отырысында 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері пысықталды

11.08.2020

Пандемия кесірінен әлем экономикасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең терең құлдырауға тап болды. Жыл соңына қарай 5,2,%-ке дейін төмендеуі мүмкін. Коронадағдарыс біздің елді де айналып өтпеді. Ішкі жалпы өнім бірінші жарты жылдықта 1,8%-ке қысқарды. Әсіресе, қызмет көрсету, сауда, көлік салалары жапа шекті. Жылдық инфляция 7,1%. Ал азық-түлік бағасы 11%-ға өскен. Дегенмен, экономиканың негізгі салаларында оң нәтиже де жоқ емес. Нақтырақ айтсақ, қайта өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, қағаз, химия салаларында өсім бар. Әсіресе, фармацевтикаға жылдағыдан қарағанда сұраныс жоғары. Құрылыс секторы да қарқынды. 6,3 процентке артты. Тұрғын үйді пайдалануға беру 7,5 пайызға өсті.  Жалпы, 7 айдың қорытындысына сай негізгі 5 көрсеткіш бойынша 9 өңірде әлеуметтік-экономикалық даму бар.  

Руслан Дәленов ҚР Ұлттық экономика министрі:

Өсім бірқатар өңірлерде байқалады. Ең көп өсімді Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы көрсетті. 5 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.

Әсима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу