Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы қаңтар-шілденің қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы айтты.
«Тауарлар өндірісі 2,1 пайызға өсті. Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер 6,2 пайызға қысқарды. Нәтижесінде жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1 пайызды құрады. Бұл ескерілген инфляция дәлізінен төмен (8-8,5%)», - деді министр.
Сонымен қатар, Руслан Дәленов экономиканың нақты секторлары құрлысы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығында өсім жалғасып жатқанын жеткізді.
Министрлік мәліметінше, өндірістік секторда 2,1 пайызға өсім байқалады, оның ішінде құрылыста – 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,8%, ауыл шаруашылығында – 2,5 %.