Үкімет басшысы карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды

11.08.2020
Үкімет басшысы карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапырды. Комиссияның келесі отырысы бейсенбі күні өтеді деп жоспарланған.

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы ауруханалардың жүктемесі 61 және жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендегенін атап өтті.

«Осы нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп отыр. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.


Хабарламаларға жазылу