Індетке қарамастан биыл ауыл-аймақтың жағдайын жақсартуға айрықша көңіл бөлінді. Қазалы ауданында құрылыс қарқын алған. Елді мекендерде біраз көшеге асфальт төселіп, ауыл іші абаттандырылды. Сондай-ақ, ауданда 13 бірдей білім беру ұйымының ғимараты қайта жөнделді
Бектұр Қалиев, Аудандық Білім бөлімінің басшысы:
Қазіргі таңда осы аталған объектілер бойынша 70-80 проценті аяқталып, жаңа оқу жылына әзір тұр. Жалпы аудан бойынша құрылыс жөндеу жұмыстарын қажет мектептердің 90 пайызы қамтылды
Әділбек Серікұлы