Өткен тәулікте коронавирустан 250 адам жазылып шықты. Сөйтіп, жалпы ауруынан айыққандар саны 72 мыңнан асты. Жұқтыру көрсеткіші де біртіндеп азайып келеді. Бір күнде 741 адамнан ковид анықталса, коронавирустық белгілері бар пневмонияны 159 адам жұқтырған. Осылайша, қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 113 мыңға жуықтады. Өкінішке қарай, вирус пен вирусты пневмониядан қайтыс болғандар 1400-ден асты.
Армангүл Тоқтамұрат