Ресей қазақстандық студенттердің келуіне уақытша тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей қазақстандық студенттердің келуіне уақытша тыйым салды

09.08.2020
0:00:00
0:00:00

Ресей қазақстандық студенттердің келуіне уақытша тыйым салды. Көрші елде 80 мыңдай жас оқиды. Олар 1 қыркүйекте сабаққа үлгермеуі мүмкін. Ал елдегі оқу орындарының 92 пайызы келер айда сабақты бастайды.

Айта кетейік, 1 тамыздан бастап Ресей төрт елмен ғана шекарасын ашты, тізімде Қазақстан жоқ. Елшілік өкілдерінің хабарлауынша Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мәселе шешілген соң шекара асқан студенттер, келгеннен кейін екі апталық карантинді сақтап, тексеруден өтуі тиіс.

Виктор Водолацкий, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты:

Біздің ұсынысымыз бойынша елге кіре алмағандар үшін университеттер онлайн сабаққа қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттерінде орналасқан Ресейдің білім орындарының филиалдары өзге оқу орындарына түсу үшін де құжат қабылдай береді. COVID-19 шетелдік студенттердің білім алуына кедергі келтірмеуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу