Петропавлдық Маргарита Фидченко Есіл өзенін бір күнде бірнеше рет кесіп өтеді. Бұл жасы сексеннен асқан кейуананың күнделікті күйбеңі.әде. Жаcым келді деп жастанып жатып алмай, белсенді өмір салтын ұстанатын, қит етсе қимылдауда жаны cүйетін кейуана әрекеттің арқасында, ауру-сырқаудың не екенін білмейді.
Маргарита Фидченко жүзуді 10 жасында үйреніпті. Жылдар өте келе анау-мынау әуесқойларды шаң қаптыратын жүзгіш болып алды. Кейуана жазда Есіл өзенінен шықпайды. Үнемі жүзудің арқасында бүгінде оның денсаулығында мін жоқ.
Маргарита Фидченко, қала тұрғыны
Жүзу қазір мен үшін ермек емес, кәдімгі таңғы жаттығу, таңғы ас секілді үйреншікті жағдайға айналып кетті. Судың арқасында, басқа құрбыларым айтатын көп аурудың не екенін де білмеймін.
Маргарита әжейдің суда жүзгенін әлеуметтік желілерден көрген өзге де қала тұрғындары бірігіп, команда құрып алған.
Алла Карпова, қала тұрғыны
1 апта бұрын интернеттен көрсетті немерелерім. Өзім де жүзу білемін ғой, бірақ, Есілді жалғыз кесіп өтуге қорқатынмын. Қазір, жол көрсететін сенімді адам бар.
Елімізде әзірге шектеу шараларына байланысты жағажайлар жабық. Сондықтан, қариялар Есілдің таяз тұсын таңдап, судан ләззат алуда. Олар салауатты өмір салтын ұстану арқылы ауру-сырқаудан аулақ болатындарына сенімді.