Егінге орақ түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егінге орақ түсті

09.08.2020

Теріскейде егін орағы ерте басталды. Қазіргі күні өңір диқандары ауа райын пайдаланып, ырыс дәнін бастыруда.

Жалпы, биыл Солтүстік Қазақстанда 4 миллион 21 мың гектар алқапқа дәнді майлы дақылдар егілді.

Биыл Айыртау ауданында 400 мың гектарға жуық алқапқа дәнді және майлы дақылдар егілді. Биылғы жылдың ерекшелігі орақ науқаны ерте басталды. Агрономдардың айтуынша шығымы жақсы. Мысалға мына алқаптағы бидайдың өнімділігі гектарынан 30 центнерге жетуі тиіс.

Едрес Жанапин, Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

Қазір бидайдың шығымы жақсы. Биыл бидайды 14-15-тен аламыз деп отырмыз. Ал майлы дақылдар 9-10-нан болады деп күтіп отырмыз. Қазір енді жаңа технологиялар, техникалар енгізіліп жатыр. Тек биыл ғана Айыртау ауданына 3 миллиардтан астам ақшаға техника сатып алынды.

Бектас Бекболатұлы шаруашылықтың бас агрономы. Жыл сайын жаңа технологияларды енгізудің арқасында астықтың шығымдылығы да артып келеді дейді ол.

Бектас Бекболатұлы, шаруашылықтың бас агрономы:

Көктем ерте басталды ғой. Ерте ектік. Қазір мына масақтардан санасақ, 20-22 дәннен бар. Орташа 20 центнерден болады деп отырмыз.

Арық айтып, семіз шығуды қалайтын диқандардың басты мақсаты, жауын мен қарға ұрындырмай астықты уақытында орып алу. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Қуатты техника мен жанар-жағармай да жеткілікті.


Хабарламаларға жазылу