Жаңа жобалар жүзеге асуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа жобалар жүзеге асуда

09.08.2020

Көкшетаудағы астықты сақтаумен және өңдеумен айналысатын серіктестік жанынан еліміздегі алғашқы контейнер алаңы ашылды. «Аргимер-Астық» серістестігі дәнді және майлы дақылдарды өңдейді. Өнімдерінің 90 проценті экспортталады. Тауарды тапсырыс берушіге уақытылы жеткізу қиын. Себебі вагондар шекараларда ұзақ тұрып қалуы мүмкін. Сондықтан серіктестік пандемияға қарамастан жаңа жобаны іске асырды. Осылайша, контейнер алаңы тауар тасымалы саласындағы бірқатар мәселелені шешіп берді.

Николай Казак, кәсіпорын директоры:

Біз 1100 контейнерге арналған алаң салдық. Арнайы техника алынды. Бұл жерден тауарларды жібере де, қабылдай да аламыз. Өзге кәсіпорындармен жұмыс істеуге әзірміз. Контейнерлер арқылы өнімдерімізді әлемнің кез-келген жеріне жеткізуге мүмкіндік алып отырмыз.


Хабарламаларға жазылу