Алматыда науқастардың жартысына жуығы COVID-19-ды жұмыс орнында жұқтырған. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Оның сөзінше, вирустың 1400-дей ошағы анықталып, науқастармен жақын байланыста болған 48 мың адам бақылауға алынған. Арнайы топ үй карантинінде жатқан науқастарға қоңырау шалып, қадағалап отырмақ. Егер үйде болмай шықса 83 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Бір аптаның ішінде төлесе 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Ал біреуге жұқтырса қылмыстық жазаға тартылады. Десе де жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының нәтижесінде шаһарда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді.
Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері
Қазір Алматыда эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Обективті түрде қарайтын болсақ күнделікті өсу көрсеткіші 1 айдың ішінде 4,2 пайыздан 1,4%-ға төмендеген.
Қоғамдық денсаулық сақтау басармасының басшысы Камалжан Надыровтың сөзінше, коронавирус жұқтырған 58 медицина қызметкері үстемақы алған. Өкінішке қарай, екі жедел жәрдем жүргізушісі мен орталық клиникалық ауруханасының лифт бақылаушысы вирустан көз жұмыпты. Оларға өтемақы ретінде 10 миллион теңгеден төленеді.