Ішкі жолдар жылдар бойы жөндеу көрмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі жолдар жылдар бойы жөндеу көрмеген

07.08.2020

Алматы облысында республикалық және халықаралық маңызы бар жолдар жаңартылғанымен, ауыл арасындағы ішкі жолдар мүлде ұмыт қалған. Әсіресе елді-мекендерге апаратын жолдардың берісі 20, әрісі 40 жылдан бері жөндеу көрмеген.

Қопаға барар қара жолдың жөнделмегеніне 40 жылдан асты. Қопа ауылының тұрғындары небәрі 14 шақырымның машақатын ондаған жылдар бойы көріп келеді. Ойлы-шұңқырлы жол жаңбыр жауса ми батпаққа айналады. Ал жазда шаңнан көз аша алмайды.

Есембай Құсамбаев, ауыл тұрғыны:

Облысымыздың әкімі Амандық Баталовтың есебінде айтқан болатынмын. Осы мәселені көтергем. Сол мәселені көтергенде ол кісі амандық болса биыл жасап береміз деген осы жолды.

Әкімге жеткізгенмен, жөнделген жол жоқ. Құжаттарды рәсімдеп, құрылысты бастауға карантин кедергі болыпты.

Жәнібек Бейсебаев, Ақсу аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

Жобалық-сметалық құжаттама 1 млн 497 мың теңге қаражатқа жасалынып, қазіргі таңда мемелкеттік сараптамаға тапсырылды. Жолдар басқармасының жоспары бойынша осы алдымыздағы жылы көктем айына жол жөндеу жұмыстары басталады деп айтылып отыр.

Жалпы Ақсу ауданында ішкі жолдардың ұзындығы 300 шақырымдай. Соның 70 пайыздан астамы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Қалған 30 пайызға жуығы осындай Қопа жолы сияқты күрделі жөндеуді қажет етеді.


Хабарламаларға жазылу