Ақтаулықтар жауынның салдарын жоюға жұмылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулықтар жауынның салдарын жоюға жұмылды

07.08.2020

Ақтауда нөсер жауынның салдарынан 1 тұрғын үй кешені су астында қалып, 20 үйдің жертөлесіне су жиналды.

Сондай-ақ, саяқбақтардағы жаяу жүргінші жолдары мен теңіз жағалауындағы жолдар опырылып қалды. Бірнеше шағын ауданда жол арқылы өткізілген инженерлік желілерге зақым келді. Құзырлы мекеме өкілдері жөндеу жұмыстарының көлемін анықтап, шығынын әлі есептеуде. Қалалық әкімдікке тұрғындардан бірде бір арыз шағым түспеген. Дегенмен, пәтеріне су кетіп, шығынға ұшырағандар болса тұрғын үй инспекциясына хабарласуға болады. Ал, су ағардағы қоқыстың кесірінен су астында қалған тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мердігер компания бүлінген 4 пәтерді де жөндеп бермек. Естеріңізге сала кетсек, тамыздың 5 нен 6 сына қараған түні Маңғыстауда нөсер жауын жауып, Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында көшелерді су басып, тұрғын үйлерге зақым келді.

Ерғали Скендіров, Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Қазіргі таңда мердігерлер мен коммуналдық қызмет көрсету мекемелермен бірлесіп, жұмыс жасап, өздеріне тиісті жұмыстарын тез арада шешу үшін және оны қалпына келтіріп тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында тапсырма беріліп, жұмыстар атқарылып жатыр. Жасаған жұмыстары және келтірілген шығындар бойынша қосымша ақпарат берілетін болады.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу