ТМД елдеріндегі эпидемиялық ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдеріндегі эпидемиялық ахуал

07.08.2020

Ресей коронавирусқа қарсы препарат патенттеді. Ол ауру кезінде асқынулардың алдын алуға көмектеседі. Емдік зат асқазан ауруларына қолданылатын дәрі негізінде жасалған. Оның тіндерді қалпына келтіретін, иммунитет қалыптастыратын қасиеті бар. Мамандар жаңа препаратты қолданудың ең тиімді тәсілі – ингаляция деп отыр. Дәрілік зат алдағы күндері жаппай қолданысқа берілмек.

Ал Өзбекстанда эпид ахуал тұрақталса, мектептер қыркүйекте ашылуы мүмкін. Дегенмен бұл әзірге жоспар ғана. Статистика жағдайдың оңалғанын байқатпайды. Елде соңғы тәулікте 755 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы науқастар саны 29 мыңға жуықтады.

Беларусияда өткен тәулікте дерттен 3 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны 68 500-ден асты. Жағдайды президент сайлауы алдындағы шерулер ушықтырып отыр.


Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу