Ақмола облысында блок бекеттер алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында блок бекеттер алынды

07.08.2020

Ақмола облысындағы Бурабай мен Зеренді демалыс аймақтарына қойылған блок бекеттер қайта алынды. Енді курортты аймақтарға кіруге шектеу жоқ. Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы шықты. Дегенмен кез келген жерде шомылуға болмайды, тек туристік нысандардағы жағажайларда ғана демалуға рұқсат бар. Оның өзінде санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек.  


Хабарламаларға жазылу