5 айдың ішінде 87 адам суға кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 айдың ішінде 87 адам суға кеткен

03.06.2014
5 айдың ішінде 87 адам суға кеткен
Елімізде жыл басынан бері 87 адам суға кеткен. Оның 17-сі бала. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 30 - адамға көп.
 
Ал, суға кеткендердің саны бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Мұнда жыл басынан бері 13 адам суға кеткен. Сондықтан, қазір оқыс оқиғалардың алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр. Ол үшін арнайы 140 автомобиль және құтқару техникасы мен 1 мың 374 сүңгуір жабдығы жасақталды.
 
Руслан Иманқұлов, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі:
Адамдардың су айдынында қаза болуының негізгі себептері: Балық аулау кезінде қауіпсіздік қағидасын сақтамау - 38 оқиға. Жүзу білмеу-24 оқиға. Балалардың ересек адамдардың қарауынсыз қалуы-17 оқиға.
 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу