Биоқауіпсіздік мәселелерін заңнамалық реттеу үшін тиісті заң жобасын әзірлеу қажет. Президенттің тапсырмасымен құрылған Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңестің отырысын өткізген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.
Жетекші отандық ғалымдар мен сарапшылардың басын қосқан бейнеконференцияда, саланың өзекті мәселелері талқыланды. Әсіресе, қазіргі пандемия жағдайында биологиялық қауіпсіздік саласын дамытудың маңызы зор. Сондықтан вице-премьер Кеңес мүшелеріне жаңа технологияларды енгізу, цифрландыру, ғылыми жаңалықтар мен өзге де деректерді ескере отырып, биоқауіпсіздікті ілгерілету бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.